Атыраудан Әзербайжанға заңсыз мұнай тасымалданған

Көркем Алдабергенова 22 жел. 2025 10:39

Ақтауда компания директорлары Әзербайжанға мұнайды заңсыз шығарғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақтау қалалық соты Әзербайжанға пеш отыны ретінде көрсетіп, мұнайды шекарадан заңсыз өткізуді ұйымдастырған бірнеше компанияның басшылары мен қызметкерлерін кінәлі деп таныды.

Сот үкіміне сәйкес, сотталғандардың әрекеті ұйымдасқан топпен және бірнеше рет жасалған контрабанда ретінде сараланды.

Айыпталушыларға әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мүліктері тәркіленді. Сондай-ақ мемлекет пайдасына 1,4 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар