Freedom Inside '26

Атыраудағы мектептегі шабуылға байланысты полиция түсініктеме берді

Атыраудағы мектептегі шабуылға байланысты полиция түсініктеме берді
gov.kz

Атырауда мектептердің бірінде оқушы қызға шабуыл жасалып, ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Dala News.

Полицияның мәліметінше, 8-сынып оқушысы өткір заттан жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Алдын ала дерек бойынша, жарақатты 9-сынып оқушысы салған. Жасөспірім ұсталып, ата-анасымен бірге полмеиция бөліміне жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сондай-ақ полиция оқушының ата-анасын баланы тиісінше тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуды жоспарлап отыр.