Атырауда басты көшелерге қоршау орнатқан қала әкімі Шәкір Кейкін көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Egovpress телеграм арнасыны ұсынған мәліметке сәйкес, шенеунік мүмкін болатын ҚР Президентінің сапарына қызу дайындық жүргізіп жатқанға ұқсайды. Жергілікті тұрғындар ұзын әрі биік жасыл қоршауды осы дайындықпен байланыстырады. Айтуларынша, жаңа шарбақ қарапайым халық тұратын үйлердің ескі, әркелкі қоршауларын жасыру үшін қойылған.
Видеодағы тұрғынның сөзінше, екі метрлік жасыл қоршау Құрманғазы көшесінен бастап көпірге дейін созылып жатыр. Қоршауға байланысты көше тарылып, кейбір үйлердің көрінісін жауып тастаған. Көпшілік оны көшені әсемдеп, көріністі реттеу үшін жасалғанын атап өтті.
Сонымен қатар, көшедегі ағаштар кесіліп, орнына жаңа талдар отырғызылған. Жергілікті тұрғындар қоршаудың уақытша әлде тұрақты екенін білмей отыр.
