Атырауда 19 жастағы қызға жасалған қатыгез шабуылға байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға 8 наурыз күні таңертең болған. 21 жастағы Әлішер есімді тұрғын бірнеше сағат бойы қызды ұрып-соғып, пышақ жарақатын салған және қорлаған. Ол бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, Telegram-арнасына жариялап отырған.
Күдіктінің айтуынша, ол досының өзіне қол жұмсауынан кейін ауыр психологиялық күйде болған.
Полиция күдіктіні ұстап, қызды көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оның денесі мен аяқтарында бірнеше жарақат бар екенін айтып, қажетті медициналық көмек көрсеткен.
Аталған дерек бойынша «Азаптау» және «Жеке өмірге қол сұқпау құқығын бұзу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
