Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде жаңа экспозициялық залдар ашылды

Dalanews 30 қар. 2021 04:21 813

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде екі экспозициялық зал – «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан тарихы», «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» экспозициялық залы ​ ашылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Залдардың ашылу салтанатына Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты.

– Тәуелсіз мемлекеттің құрылуы мен нығаюы тарихынан сыр шертетін материалдарды тоғыстырған, Елбасымыздың өмір жолын баяндайтын тарихи деректері мен қайраткерлік жолындағы барлық маңызды мұрағат құжаттары топтастырылған бұл экспозиция залының орны ерекше. Сонымен қатар, Қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу аясында ашылып отырған «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» залының да ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше болмақ, –  деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.



Білім және ғылым минситрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл залдың тарихи маңызын айтып өтті.

«Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» экспозициялық залында Алтын Орда кезеңімен тікелей байланысты ​ тарихи жәдігерлердің жаңартылған, консервацияланған нұсқалары көпшілік назарына ұсынылды. «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан тарихы» залында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тағылымға толы өмірінен мағлұмат беретін деректер бар.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар