Атырау облысының әкімдігі 22,4 млрд теңге несиені не үшін алған?

Көркем Алдабергенова 13 ақп. 2025 16:39 1064

2015-2023 жылдар аралығында Атырау облысының әкімдігі жалпы сомасы 22 млрд 462,7 млн теңге несиелер алған. Облыстық қаржы және экономика басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін республикалық бюджет алдындағы қарыз толық өтелген, деп хабарлайды Dalanews.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеп.

“Барлық несиелік міндеттемелер өтеу кестесіне сәйкес уақытында төленуде” – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Несие қаражаты қандай мақсаттарға жұмсалды?

  • 5 млрд 457,4 млн теңге – өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталды.
  • 2 млрд 155,6 млн теңге – кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізуге бөлінді.
  • 1 млрд 504,0 млн теңге – ауыл тұрғындарына микрокредит беру арқылы олардың табысын арттыру жобасын кеңейтуге жұмсалды.
  • 1 млрд 461,5 млн теңге – мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруға бөлінді.
  • 1 млрд 295,9 млн теңге – ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы микрокредиттеуге жұмсалды.
  • 1 млрд 245,1 млн теңге – моноқалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетуге бағытталды.
  • 1 млрд 142,1 млн теңге – тұрғын үй жобалау және (немесе) салу жұмыстарына жұмсалды.
  • 1 млрд теңге – 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы аясында кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға бөлінді.
  • 930 млн теңге – жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталды.

Атырау облысының қаржы және экономика басқармасы бюджеттік несие қаражатының мақсатсыз немесе тиімсіз пайдаланылған фактілері анықталмағанын мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар