Атырау облысында түн ішінде халық эвакуацияланып, сирена қосылды

Атырау облысында түн ішінде халық эвакуацияланып, сирена қосылды
ТЖМ
Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында түнде Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Құтқарушылар сирена-сөйлеу құрылғыларын пайдалана отырып, жергілікті тұрғындарды хабардар етті, - ...

Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында түнде Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Құтқарушылар сирена-сөйлеу құрылғыларын пайдалана отырып, жергілікті тұрғындарды хабардар етті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кейінірек Жалғансай ауылын су басу қаупіне байланысты халық Махамбет ауылына алдын ала эвакуацияланды.

"Уақытша эвакуациялау пункті жергілікті мектепте орналасқан. Сағат 02:30-дегі жағдай бойынша мұнда 99 адам орналастырылды, оның 63-і - балалар", - деп хабарлады түнде ТЖМ.

Бүгін ТЖМ тұрғын үйлерді су басуға жол берілмегенін хабарлады. Авариялық-құтқару жұмыстарына 812 адам жұмылдырылған. Олар - Атырау, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Алматы облыстарынан келген құтқарушылар тобы, ТЖМ және ҚМ әскери қызметшілері, еріктілер, ІІМ және жергілікті әкімдік қызметкерлері.

Айта кетейік, жол төсемінің бойында ұзындығы 800 м және биіктігі шамамен 1,5 м бөгет тұрғызылған. Су айдау жұмыстары жалғасып жатыр.