Атырау облысында браконьерлікке қарсы рейд кезінде инспекторлардың квадроциклі мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жайық өзенінде браконьерлікке қарсы рейд барысында балық шаруашылығы инспекторлары мінген квадроцикл мұз астына түсіп кеткен. Оқыс оқиға 7 қаңтарда болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес екі инспектор да құтқару кеудешесін киген және өздігінен судан шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.
Қазір квадроциклді судан шығару мәселесі шешіліп жатыр, техниканы жақын арада алып шығу жоспарланған. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
