Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты әлеуметтік желіде тағы бір ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Ақ Жайық" мәліметінше, "әлеуметтік желілерде жоғалғандардың бірі Геолог ықшамауданындағы септиктен табылды" деген ақпарат тараған.
"Бірақ бұл дерек расталмады. Полиция сол жерде тексеріс жүргізіп, тергеуге қажет бірқатар затты тәркіледі", - деп жазылған мәліметте.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында бір отбасы іздестіріліп жатқаны хабарланды. Полицияға арыз 25 желтоқсанда түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды.
