Атырау облысында енесін өлтірген келін жазадан сытылып кетті

Сағыныш Сардарова 27 ақп. 2026 18:06

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында енесін өлтірді деп айыпталған Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2025 жылы 10 мамырда К. төсек тартып жатқан қарт анасын (1942 жылы туған) Жасқайрат ауылына күтім жасау үшін алып келген. Әйелі Ж. бұған қарсы болып, арты жанжалға әкеп соққан. 2025 жылы 27 мамырда күйеуі жоқтығын пайдаланған Ж. дәрменсіз енесінің басына ас үй пышағымен 4-5 рет соққы жасаған. Жәбірленуші аудандық ауруханада қайтыс болған.

Сот ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген әрекетті Ж. есi дұрыс емес күйде жасағанын анықтаған. ҚК-нің 16-бабына сәйкес ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

Сот қаулысымен Ж.-ға психиатриялық ауруханада медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove