Дегенмен одан бұрын Жолдауда айтылған дүниелерге мән берген абзал секілді. Ең бастысы енді елімізде президент 7 жылға тек бір кезең ғана сайланатын болды. Екінші рет қатыса алмайды. Дамыған елдердің басым көпшілігінде бар, нәтижесін көрсеткен тәжірибе. Енді осы өзгерісті сақтап қалу аса маңызды. Жалпы, біраз дүние айтылып, мақсат қойылып жатыр. Биліктегі әділдікті қамтамасыз ету үшін сот саласын реформалау – өте қажет болатын іс.
Қазір Президенттің бастамасымен көптеген жұмыс атқарылуда. Халық үшін өзекті саналатын жер мәселесі, игерілмей жатқан алқаптар, заңсыз өтіп кеткен жерді қайтару, салықты игеру, балаларға арнайы қор ашу, балабақша қызметкерлерінің жалақысын арттыру, медицина саласын өзгерту, құрылыс компанияларына арналған ереже, жатақханамен қамтамасыз ету – осының бәрі де назардан тыс қалмады. Ал бұл жұмыстардың іске асуы тікелей Үкіметке байланысты. Оның қарқынын көре жатармыз. Қазіргі Үкіметке кризис менеджер емес, жаңа адамдар керек. Үкімет өзінің атқарушы екенін білгені абзал. Президент сайлауынан кейін кадрлық жағынан, жүйе жөнінен үлкен өзгерістер боларына сенім мол.