Астаналық шенеунік мәслихат отырысында қазақша баяндама жасауды талап етті

Көркем Алдабергенова 23 қаң. 2026 17:27

Астанада өткен мәслихат отырысында қалалық мәслихаттың бюджет және экономика мәселелері жөніндегі комиссиясын басқаратын Кендебай Адамбек мемлекеттік тілге қатысты ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол жиын барысында баяндамашылардың есептерін қазақ тілінде ұсынуын талап етіп, мемлекеттік тіл ресми отырыстарда негізгі тіл болуы қажет екенін атап өтті.

"99,9 пайыз өз ұлтымыз отыр. Біріншіден, мемлекеттік тілдің үстемдігі. Баяндайсыздар ма, мемлекеттік тілде баяндаңыздар. Тәуелсіз мемлекет болғанымызға 34 жыл болды ғой. Баяғыда кеңес үкіметі 20 жылда қазақты орысшаға сөйлетіп тастады", – дейді Кендебай Адамбек. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove