Астанадағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы әлемнің ең беделді университеттерінің бірі — Harvard University-ге оқуға түсті, деп хабарлайды Dala News.
Бөрте мектепте 6-сыныптан бастап білім алып, оқу барысында Advanced Placement (AP) бағдарламасына қатысқан. Ол 10-сыныптан кейін-ақ жеті AP емтиханын тапсырып, AP International Diploma иегері атанды.
Оқушы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген, сондай-ақ қытай тілін оқып жүр. Халықаралық емтихандардан — SAT, IELTS, CAE, HSK — жоғары нәтиже көрсеткен.
Біліммен қатар, ол ғылыми жобаларға қатысып, әлеуметтік және шығармашылық бастамаларда белсенді болған. Өз сөзінше, Гарвардқа түсу — жүйелі дайындық пен жоғары мотивацияның нәтижесі.
Айта кетейік, Harvard University 1636 жылы құрылған және АҚШ-тағы ең көне жоғары оқу орны саналады. Ол әлемнің ең үздік университеттерінің бірі ретінде танылған.
