Freedom Inside '26

Астанаға ұшқан Air Astana ұшағы Алматыға қайта қонды

Астанаға ұшқан Air Astana ұшағы Алматыға қайта қонды
instagram.com/AirAstana

Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы бастапқы әуежайына қайта оралды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Әуе кемесін алдымен елордаға, кейін Қарағандыға қондыруға әрекет жасалған. Алайда Астана мен Қарағандыдағы қолайсыз ауа райына байланысты ұшақ қона алмаған.

Осыдан кейін әуе кемесі мәжбүрлі түрде Алматыға қайтқан. Жолаушылардың айтуынша, олар ұшақ ішінде үш сағаттан астам уақыт болған.

Қазір рейс қайта ұшуға дайындалып жатыр.

"Астана мен Қарағандыдағы қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты ұшақ Алматыға кері қайтты. Қазіргі уақытта рейс Астанаға қайта ұшуға дайындалып жатыр", – делінген компания хабарламасында.