Астананы халықтан қызғанған халық қалаулысы бұл бастамасын мәслихат отырысында мәлімдеді.
Айтхожин қалаға күн сайын 200-ден 250 мыңға дейін адам келетінін айтып, көші-қон ағынының ауқымына алаңдаушылық білдіріп, отыр. Ол мұндай адамның көптігі ластанған ет импорты мен есірткі контрабандасы сияқты проблемалар тудыратынын атап өтті.
Сондай-ақ депутат қалаға оңтүстік өңірлердің тұрғындарының кіріп жатқанын, олардың осы уақытқа дейін не істеп-не қойғаны белгісіз екенін және бұл қауіп төндіретінін алға тартты.
Депутат кедендегідей, қаланың кіре берісі мен шыға берісіне бірнеше бағытта бөгеттерді орнатуды ұсынды. Сондай-ақ ол Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарының шекарадан өтуін мұқият тексеру қажеттігін айтты.
"Біз келіп жатқан азаматтарды бақылау бекетінен өткізіп, неге құжаттаманы тексеруді қатаң түрде қадағаламаймыз? Қазіргі ахуал дұрыс емес, олар бүкіл автобуспен лек-легімен келіп жатыр. Барлығы астанаға келуге асығады. Бақылау пункттерін орнатайық. Бізге бұл аса қажет. «Театр киім ілгіштен басталады", солай емес пе? Елордаға көрінген адам келеді. Жарты жыл тұрақтайды да, Үкіметтен баспана сұрайды», - дейді Азамат Айтхожин.
Бұған жауап ретінде Астана полиция департаменті бастығының орынбасары Дәурен Қазбеков бақылау бекеттерін орнату мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.
Айта кетейік, депутаттың бұл сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп кетті. Көптеген желі қолданушылары Айтхожиннің ұсынысымен келіспейтіндерін білдіруде.
Коллаж: Dalanews.kz