Шыршаға аз қамтылған және көп балалы жанұялардан шыққан, оқуда озат, түрлі спорт бәсекелерінде жетістікке жеткен 100-ге жуық бала қатысты.
Балдырғандарға арналған түрлі қойылым, мультфильм кейіпкерлері және супер қаһармандардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы әзірленді.
Мерекелік шарада Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқу, балаларға арнайы сыйлықтар табыстады. Арнайы қапшықтың ішінде балаларға арналған сөмке, айпад, энциклопедия кітаптар топтамасы және тәттілер бар.
Әр өңірден келген балалар 3 күн бойы Астананың әсем жерлерін аралап, театрдағы түрлі қойылымдарды тамашалаған.
Президент шыршасын қатысып жатқан оқушылардың да көңіл-күйі ерекше.
Президент шыршасы салтанатына қатысушылардың ішінде он жасар Малика Мұхамеджанова да бар.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы Смирново ауылындағы №2 мектеп-гимназиясының оқушысы бұл шара үшін арнайы өз қолымен 100 тірі раушан гүлінен сәнді көйлек тігіпті.