Астанадағы алаяқтық: 152 млн теңгені жымқырған әйел сотталды

Көркем Алдабергенова 01 жел. 2025 15:37

Астана тұрғыны білім беру қызметтерін ұсыну деген желеумен 52 азаматты алдаған. Одан келген жалпы шығын 152 млн теңге болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Зұлым ниетпен әрекет еткен әйел білім беру орталығының құрылтайшысы болып, әлеуметтік желідегі аккаунттарын пайдаланып және БАҚ-та жарнама жариялап, шетелде білім алу курстарын ұйымдастырамын деп азаматтарға ұсыныс жасаған.

Ол Еуропаның жоғарғы оқу орындарына кепілдендірілген қабылдау және бір жылдық тілдік дайындықтан босататын халықаралық сертификаттар беремін деп уәде еткен. Алайда, уәде етілген сертификаттар берілмеген, ал оқу іс жүзінде жүргізілмеген.

Сонымен қатар, оның компаниясының халықаралық аккредитациясы болмаған.

Сот күдіктіні 6 жылға бас бостандығынан айырды және білім беру ұйымдарын ұйымдастырумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға айырып, жазасын белгіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар