Астанада ҰҚК қызметкері өлі күйінде табылды,деп хабарлайды Dalanews.kz.
21 сәуір күні Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерінің мәйіті табылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазіргі уақытта полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда», – делінген ресми хабарламада.
Бейресми ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған азамат ҰҚК-нің сыртқы барлау қызметінде жұмыс істеген. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салған немесе биіктіктен құлап кеткен болуы мүмкін.