Сұхбатта Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері басылған той көйлегі таныстырылғаны айтылған. Көйлектің ақ матасына түрлі БАҚ беттеріне ер адамдардың әйелдерге қол жұмсауы туралы жарияланған мақалалар, ақпараттар басылған, деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат порталы.
«Ол мені ұрғанды ұнатады» деп аталатын арт-объектінің авторлары бұл көйлекті не үшін шығарғанын, бұл әрекетімен қоғамға не жеткізгісі келетінін түсіндірді.
[video width="848" height="480" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2024/01/VID-20240108-WA0045.mp4"][/video]
«15 мамыр – Халықаралық Отбасы күні күні. Біз ерекше қалыңдық көйлегін әзірледік. Онда Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жантүршігерлік мақалалар басылған. Бұл көйлектер Динара Сәтжанның киім дүкендеріне қойылды. Белсенділер осы көйлекті киіп, Астананың көрнекті жерлерінен жүріп өтті. Олар бұл көйлек арқылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлі де барын, өршіп тұрғанын көрсетті. Біз көйлекпен қатар, абьюзерлік қарым-қатынасқан қашу, абьюзерді қалай тану керектігі туралы үнпарақтар шығардық, – деді «Жаңа адамдар» жобасының авторларының бірі.
Айта кетейік, желіде бұрыннан белгілі «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысының қызметі туралы видео пайда болды.
Еске салсақ, 2023 жылы Жаңа Адамдар қазақстандықтарды толғандыратын мәселелерді шешу үшін түрлі көше акцияларын өткізген болатын. Олардың ең шулысы 2023 жылдың қарашасында болды. Алматыда қазақ қоғамындағы зорлық-зомбылыққа қарсы «Жануарлар әлеміне ЖОҚ деп айт» акциясына 600-ден астам адам жиналды.
YouTube желісіндегі «Арман Абдолла» арнасында «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Бәденова бұл митингтің қалай жоспарланғаны мен дайындалғаны, оны өткізуге Алматы әкімдігінен қалай рұқсат алғаны, ұйымдастырушылардың қандай проблемалар бар екені туралы айтып берді.
https://youtu.be/_eJGenpofTw?si=ylIoiaKptkDrJUKs