Астанада тұмау өршіп тұр: бас санитар шектеулер енгізді

Асель Қайратқызы 20 қар. 2025 09:45

Астана қаласының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Айгүл Шағалтаева ЖРВИ мен тұмау жағдайларының өсуіне байланысты елордада күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шаралар мыналарды қамтиды: емханалар мен стационарлардың жұмысын күшейту, науқастарды оқшаулау, қабылдау кабинеттерін кеңейту, маска режимін сақтау, науқастардың температурасын бақылау, вирусқа қарсы препараттардың қорын қамтамасыз ету.

20 қарашадан 5 желтоқсанға дейін сыныптың 30 пайыздан астамы ауырған жағдайда мектептердің қашықтан оқыту форматына ауыстырылуы, балалар мен қызметкерлер үшін күнделікті «таңғы фильтрдің» жүргізілуі тиіс. Іс-шараларға шектеу қою.

Соңғы аптада елордада ЖРВИ-дің 23 002 жағдайы тіркелді, ал бір апта бұрынғы кезеңмен (2025 жылғы 30 қазан – 5 қараша) салыстырғанда көрсеткіш 1,5 есе артқан. 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы сырқаттанушылық 60 пайызды құрады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар