Астанада танымал сауда орталығының бұрынғы қызметкерлері 450 млн теңгеден астам тауарды жымқырған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ІІМ мәліметінше, қылмыстық топ сауда желісінің бұрынғы қызметкерлерімен келісе отырып, электрондық сату жүйесіне заңсыз кіру мүмкіндігін пайдаланып, екі жыл ішінде жалпы сомасы 450 млн теңгеден астам тауарды ұрлаған.
Қылмыстық жолмен алынған техника елеміздің бірнеше қалаларында сатылған.
20-дан астам тінту іс-шаралары өткізілді, 120-дан астам түрлі техника, оның ішінде белгілі өндірушілердің ондаған ұялы телефондары, ірі көлемде ақша, травматикалық тапаншалар және әртүрлі калибрлі патрондар тәркіленді.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аса ірі мөлшердегі ұрлық және алаяқтық фактілері бойынша жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.