Астанада сауда орталығында қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында елордадағы ойын-сауық және сауда орталықтарының бірінде жартылай жалаңаш күйде жүгіріп, келушілердің назарын аударып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның видеожазбасы анықталған.
Жедел іздестіру барысында 26 жастағы құқық бұзушы анықталды.
"Қоғамдық тәртіпті сақтамаған адам ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынды", - деді полиция.
