Астанада құрылыс алаңында 17 жастағы студент қайтыс болды

Асель Қайратқызы 15 қаз. 2025 10:08

Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы студент Ерсұлтан қаза тапты. Бұл қайғылы оқиға үш апта бұрын болған, деп хабарлайды  Dalanews.kz. Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Сол қайғылы күні, марқұмның туыстарының айтуынша, құбыр желісін тарту үшін траншея қазу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Жұмыс барысында құрылыс крандарының бірі бетон іргетасты көтеріп жатқанда, ауыр құрылым жас жігітті басып қалған. Ерсұлтан алған ауыр жарақаттардан оқиға орнында қаза тапты.

Ол теміржол колледжінің үшінші курсында грантпен оқитын. Анасының айтуынша, Ерсұлтан үйіне жақын маңдағы құрылыс алаңында қосымша табыс табу үшін жұмысшы болып жүрген. Қайғылы оқиға болған күні ұлы кешкі алтыға дейін үйге оралатынын айтқан. Алайда сол уақытта полициядан қаралы хабар келген.

Ерсұлтанның анасының айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін де құрылыс алаңындағы жұмыстар тоқтатылмаған. Ата- анасы компанияның кәмелетке толмаған баланы жұмысқа аларда құжаттарын тексермегеніне аң- таң. Бұл жайт қайғылы оқиғадан кейін ғана белгілі болды. Жақындары әділ тергеу жүргізіледі деген үмітте.

Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Сол күні кранды басқарған жұмысшылардың қанынан есірткі заттары табылған. Марқұмның туыстарының айтуынша, олар екі адам болған. Екеуі де 15 тәулікке тергеу изоляторына қамалған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар