Астанада қоғамдық автобус жол апатына түсті: зардап шеккендер бар

Астанада қоғамдық автобус жол апатына түсті: зардап шеккендер бар
видео кадры

Астанада қоғамдық автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Астана ПД мәліметінше, 29 қыркүйекте Zeekr көлігінің жүргізушісі Мәңгілік Ел даңғылымен Қабанбай батыр даңғылы бағытынан келе жатып, Хусейн бен Талал көшесімен қиылыста солға бұрылған, сол кезде қарсы бағытта келе жатқан қоғамдық автобусқа жол бермей, соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Zeekr көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, автобустың екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Zeekr көлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Жол апатына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.