Астанада қызметін күштеп ұсынған 200-ге жуық таксист жазаланды

Көркем Алдабергенова 27 ақп. 2026 11:42

Астанада 200-ге жуық такси жүргізушісі адамдарға орынсыз тиісіп, қызметін күштеп ұсынғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полиция мәліметінше, кейбір жүргізушілер көшеде жүрген жаяу адамдарға тікелей барып, такси қызметін табанды түрде ұсынған. Осындай әрекеттері үшін 190-нан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жалпы жолаушылар тасымалы саласында шамамен 1600 құқықбұзушылық анықталған.
Олардың ішінде:

  • 370-тен астам көлік техникалық талаптарға сай болмаған;

  • 330-дан аса жүргізуші міндетті техникалық байқаудан өтпей көлік басқарған.

Сонымен қатар өзге де жүздеген заңбұзушылық тіркелген. Атап айтқанда, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік жүргізу кезінде телефон қолдану, сондай-ақ 60-қа жуық жағдайда жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндегендер анықталған.

Полиция өкілдері мұндай рейдтер жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз тасымалмен күресу мақсатында жалғаса беретінін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove