Астанада Қазақстан футбол федерациясы орналасқан ғимаратта баланың басына қақпа құлаған. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол оқиға кеше болғанын айтып, қазір нақты ақпарат ала алмай отырғанын жеткізді.
"Қазір маған "Астанадағы футбол үйінде, яғни Қазақстан футбол федерациясы орналасқан ғимаратта баланың басына қақпа құлап, жансақтау бөліміне түсті" деген ақпарат келіп жатыр. Мендегі бар мәлімет: оқиға кеше шамамен 19:30 шамасында болған және 2017 жылғы өрен зардап шеккен. Зардап шеккенде, қазір бәрі ең болмаса тірі қалуын тілеп отыр. Өкінішке қарай, енді нақты ақпарат ала алмай далмын. Футбол федерациясының баспасөз қызметіне хабарлассам, "әзірге білмейміз, сұрап көрейік, кейін хабарласайық" деп, өзімді "футболить" етіп жіберді. Мынау не масқара? Оны неге жасырасыздар? Істі жылы жапқыларың ме? Қайғылы оқиғаға не себеп? Кім жауапты? Футбол федерациясының ғимаратында осындай болып жатса, басқа алаңдардағы қауіпсіздік қандай?" - деп ашынды журналист.
Әзірге жауаптылар бұл жағдайға қатысты ешқандай пікір білдірмеді.