Астанада лифтте балаға шабуыл жасаған жасөспірімнің анасына айыппұл салынды

Көркем Алдабергенова 18 ақп. 2025 17:17 514

Астанада лифтте баланы пышақтаған жасөспірімнің анасына 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Әйел Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын немесе мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау) сәйкес жауапқа тартылды.

Бұл бап бойынша айыппұлдың ең жоғары мөлшері 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 78 640 теңге. Жасөспірім әлі де тергеуде, тергеу жалғасып жатыр. 

Айта кетейік, желіде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде бақылау камерасынан видео пайда болды.

Онда бес жасар баланың бетін кескен жасөспірім түсіп қалған. Кадрларда жасөспірім лифт жабылуына жол бермей, қыздың кетуіне кедергі келтіргені көрінеді.

Ол пышақты шығарып, балаға кеземек болады. Бірақ ол бірдеңеден сескеніп, пышақты тықпайды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар