Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акциясы өтуде. Осы апта экоакция «Киелі мекен» ұранымен өтіп, Астанадағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандырылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жолық экоакцияға қаладағы мәдениет ұйымдары қызметкерлері, мәслихат депутаттары, оқушылар мен студенттер, спортшылар, «Жас сарбаз» қозғалысының студенттері, Ауған соғысы ардагерлері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері белсене қатысты.
Экологиялық акция аясында мәдени мұра нысандарының қасбеттерін, ескерткіштер мен іргелес аумақтарды ретке келтіру бойынша тазалық жұмыстары жүргізуде.
Айталық, бүгін таң ертеңнен бастап Астанадағы мәдениет ұйымдарының қызметкерлері мен «Жас сарбаз» патриоттық қозғалысының студенттері Сарыарқа даңғылында орналасқан Кеңес Одағының батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бегелдиновтің ескерткішіне және айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.
«Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Асхат Налшыбектің айтуынша, экоакция өскелең ұрпақтың бойына жақындарына деген қамқорлық, құрмет сезімін қалыптастырудың үлгісі болып саналады. Шараға бәрі 50-ден астам жас сарбаз жауынгері қатысқан.
– Біз бұл акцияны қаламыздың барша тұрғындарына үндеу ретінде өткізіп жатырмыз. Біз жастарды, еріктілерді және барлық мүдделі адамдарды Астанамыздың аулалары мен көшелерін қоқыстан тазартуға және экологиялық жағдайын жақсартуға шақырамыз. Жұмыс ертең де жалғасады, әр апта белгілі бір тақырыпқа арналады, – деді Асхат Налшыбек.
«Киелі мекен» апталығы басталғалы 40-тан астам ескерткіш тазартылды. Елордада барлығы 117 ескерткіш болса, оның 46-сы – мемлекет қорғауында.
Бес аптаға созылатын экологиялық шараның белгілі бір тақырыпқа арналған. Бұл апта «Киелі мекен» деп аталады. «Жасыл аймақ» деп аталатын үшінші апта ағаш отырғызу мен көшеттерді әктеу көзделген. 4 мамырға дейінгі уақыт – «Өнегелі ұрпақ» деп аталады. Бұл апталық ардагерлер тұратын аулалар мен қарттар үйінің аумағын тазалауға және абаттандыруға бағытталады. Ал «Мөлдір бұлақ» деп аталатын соңғы бесінші аптада өзен-көлдердің маңайы қоқыстан тазарту жоспарланып отыр.