Астанада Жұмысшы мамандықтарға арналған мурал пайда болды

Ақтоты Жапатова 22 қыр. 2025 11:41

Астананың Сарайшық ауданында тұрғын үйдің қасбетіне жаңа мурал салынды. Бұл іс-шара Мемлекет басшысының 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Панно бетінде түрлі сала өкілдері бейнеленген: құрылысшы, дәрігер, агроном, электрик, өрт сөндіруші және теміржолшы. Жарқын түсті бояулармен салынған бұл сурет ауданға сән беріп, еңбек пен жұмысшы мамандық иелерін қадірлеудің маңызын еске салады.

Жобаның мақсаты – жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, жастардың сұранысқа ие кәсіптерге қызығушылығын арттыру.

Муралдың авторы – суретші Ернұр Сарсекеев.

Сондай-ақ Сарайшық ауданында «Жұмысшы мамандықтар аллеясы» ашылды. Жаңа сквер тұрғындардың демалыс орнына айналып қана қоймай, еңбек ұжымдарының ел дамуына қосқан үлесін айшықтайтын нышанға айналды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар