Астанада жыл басынан 3 754 педагог пен 42 мектеп директоры біліктілікті арттыру курстарынан өткен

Dalanews 24 там. 2023 04:58 382

Астана қаласының Білім басқармасы елордалық ұстаздардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Педагогтердің шығармашылық әлеуетін, олардың кәсіби деңгейі мен құзыреттерін дамыту үшін жоғары оқу орындарында педагогикалық кадрларды даярлау ғана емес, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған педагогтардың кәсіби өсуі де маңызды.

Тек қаңтар мен тамыз аралығында 3 754 педагог пен 42 мектеп директоры біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

«Мың көшбасшы» республикалық кадр резервіне елорданың 20 мектеп директорының орынбасары еніп отыр. Сонымен қатар өткен оқу жылында 30 мектеп директорының орынбасары қатарынан кадрлық резерв қалыптастырылып, олар қазан, қараша айларында MBI бағдарламасы бойынша оқытылатын болады.


Жыл бойы елорданың 200-ден астам мектеп басшысы мен педагогтері Сингапур, Жапония, Грузия, Финляндия мемлекеттерінің оқу орындарында халықаралық тәжірибе алмасып, тиімді әрі қолайлы компоненттерді мектептердің оқу-тәрбие процесімен сабақтастыру мақсатында тағылымдамадан өтті. Бұл тәжірибе жаңа оқу жылында жалғасатын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар