Астанада жауған бұршақтан зардап шеккен автокөлік иелеріне 131,5 млн теңге төлем төленді

Кәмшат Тілеухан 12 қар. 2024 14:41 1045

2024 жылдың тамызында Астанада қатты жауған бұршақ шамамен 8 мың көлікті бүлдіріп кетті. Осы жағдай бойынша КАСКО ерікті автосақтандыру бағдарламасы аясында бүлінген автокөлік иелері 131,5 млн теңгеден астам сомаға сақтандыру төлемдерін алды, деп хабарлайды Dalanewz.kz.

"Еуразия" СК баспасөз қызметінің мәліметінше, шағымдардың негізгі бөлігі бұршақ жауғаннан кейін өздеріне алғашқы екі аптада келіп түскен, мамандар залалды бағалауға келесі күні бірден кіріскен.

Сол кезде барлығы 129 көліктің иелері төлем алған, бұл - осы сипатта түскен өтініштердің үштен екі бөлігі.

  • төлемнің орташа сомасы - 1,02 млн теңгені,
  • ең көп зардап шеккен көліктің иесіне 5,56 млн теңге берілді,
  • ең аз төлем -10 389 теңге.

Әлі қарастырылып жатқан тағы 64 өтініш бар, алдын ала залал көлемі 78 млн теңгені құрауы мүмкін.

"Еуразия" СК КАСКО-ның түрлі бағдарламалары бойынша сақтандырылған 194 көлік құралына келтірілген залал бойынша өтемақы көлемі 209 млн теңгеден асуы мүмкін екенін айтады. Олардың ішінде 150 физикалық тұлғалар және 35 заңды тұлға бар. Кейбір компаниялардың, негізінен автосалондардың бұршақ жауған кезде ашық автотұрақта болған автокөлік құралдары зардап шеккен.

Айта кетсек, 8 тамызда елордада қатты бұршақ жауып, салдарынан, "Еуразия" СК сарапшыларының бағалауы бойынша, шығыны  4,5 млрд теңгені құрайтын кем дегенде 8 мың көлік құралдарына зақым келген. Барлық зардап шеккен автомобильдердің ішінде КАСКО бағдарламасы бойынша ерікті сақтандыруға жүгіндері 10%-дан аспайды, олардың көпшілігі автонесиелеу кезінде кепілге сақтандырылған. Бұршақ және басқа ауа райы құбылыстары міндетті автосақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы болып табылмайды.

Бұған дейін біз БҚДА тұтынушыға көлікпен қоса қосымша жабдықтарды да, соның ішінде сақтандыру қызметтерін де сатып алуға мәжбүрлейтін автосалондарды жазалағанын жазған болатынбыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар