Астанада ірі жол апаты видеоға түсіп қалды

Астанада ірі жол апаты видеоға түсіп қалды
Tenrginews.kz/ЖИ

Астанада жол апаты болып, соның салдарынан жеңіл көліктердің бірі аударылып қалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша Hyundai Elantra көлігінің 19 жастағы жүргізушісі Қошқарбаев даңғылы жағынан көпірмен оң жақ шеткі жолақта келе жатып, сол жақ жолаққа ауысу кезінде өзімен бір бағытта келе жатқан Geely Emgrand көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Geely Emgrand көлігі инерциямен аударылып кеткен. Оның жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізіліп, тексерістен кейін үйіне жіберілді. Hyundai Elantra көлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

"Жол-көлік оқиғасына қатысты тексеріс жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция.

Астана қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керек екенін ескертті.