Астанада ерекше балалардың құқығы бұзылғаны анықталды

Самал Асқар 28 нау. 2026 12:44

Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың құқықтары бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Dala News.

Прокуратура мәліметінше, бір топ оқушы арнайы жағдай жасалмастан және дефектолог, логопед, педагог-психолог сияқты мамандардың қатысуынсыз жалпы сыныптарда оқытылған.

Бұл заңбұзушылық балаларды жеке ерекшеліктеріне сай білім алу мүмкіндігінен айырған.

Байқоңыр ауданы прокуратурасының араласуынан кейін Астанадағы мектептердің бірінде заң талаптарына сай жабдықталған арнайы (түзету) сыныбы ашылып, қажетті мамандармен қамтамасыз етілді.

Қабылданған шаралар оқушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және олардың толыққанды білім алуына мүмкіндік берді.

Прокуратура ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove