Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам ашық тұрған терезеден дәрет сындырған сәт видеоға түсіп қалды. Полиция тексеріс жүргізіп, ер адам кім екенін анықтап жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Құқық бұзған адам кім екені анықталады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін оның әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады Астана қаласы Нұра ауданы полиция басқармасы өкілдері.
Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.