Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталады

Ақтоты Жапатова 27 там. 2025 13:29

Астанада еліміздің өңірлерінен келген тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталады. Олар 26 қазанға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Алдағы демалыс күндері, яғни 30-31 тамызда алғашқы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Түркістан облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен өтеді. Фермерлер елорда тұрғындары мен қонақтарына ет, балық, сүт өнімдері, бакалея, көкөніс пен жеміс-жидектерді тікелей өндірушіден ұсынады. Бұл шара азық-түліктің қолжетімділігін арттыруға және отандық кәсіпкерлерді қолдауға ықпал етеді.

Атап айтқанда, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астанаға 600 тоннадан астам өнім жеткізеді. Оның ішінде: 200 тонна көкөніс, 100 тонна ет және ет өнімдері, 100 тонна сүт өнімдері, 80 тонна бақша дақылдары, 50 тонна жеміс, 19 тонна балық, 12 мың дана жұмыртқа және 60 тоннадан астам басқа да азық-түлік бар.

Жәрмеңке аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Өтетін орны: «Қазанат» ипподромының автотұрағы, мекенжайы – Қарқаралы тас жолы, 1. Жәрмеңке күндері тұрғындар мен қонақтардың ыңғайлы келуі үшін №18, №37 және №303 автобус бағыттары қатынайды.

Жәрмеңкенің жұмыс уақыты – сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар