Астанада балабақша директоры мен орынбасары 13 миллион жымқырған

Көркем Алдабергенова 03 қаз. 2024 10:05 2196

Астанада балабақша директоры мен орынбасары 13 миллион жымқырған, - деп хабарлайды Dalanews.kz

2 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында балабақша директоры мен орынбасарына сот үкімі шықты. Екеуі 13 049 701 теңге көлеміндегі мүлікті заңсыз иемденіп, ысырап еткен деген күдікке ілінген.
 
Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық сараптамалар мен мамандардың қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
 
Прокурор екеуін мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
 
Балабақша директоры мен орынбасары кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес ең төменгі жаза тағайындауды сұрады.
 
Жазаны тағайындау кезінде сот сотталушылардың кінәсін мойындауын, жас балаларының болуын, шығынды өз еркімен қайтаруын және сотталғандығының болмауын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
 
Жасалған қылмыстың мән-жайын және оның ауырлығын, келтірілген зиянды өтеуді, жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, жәбірленуші өкілінің пікірін ескеріп, ҚК-нің 55-бабының 4-бөлігін пайдалана отырып, сотталушылар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар