Астанада балабақша директоры 9 млнға жуық ақша жымқырған

Сағыныш Сардарова 12 ақп. 2024 16:00 1684

Астанада бюджет ақшасын ұрлаған балабақша директоры сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы ауданының прокуратурасы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде елорда балабақшаларының біріне тексеріс жүргізу барысында мектепке дейінгі білім беру саласында табельдеу арқылы балабақшаға бармаған балаларға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау дерегін анықтаған.

"2021 жылғы маусым мен 2023 жылғы қыркүйек айының аралығында мемлекеттік қаражатты ұрлау мақсатында қызметтік жағдайын пайдаланған балабақша меңгерушісі бюджет қаражатынан негізсіз төлемдер алған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 8,5 млн. теңгеден аса шығын келтірілген", - деп жазылған Астана қаласының прокуратурасы мәліметінде.

Кінәлі адам 3 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, сотталды.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар