Астанада 27 жастағы тұрғын туған әпкесінің туған күнін ерекше атап өтпек болып, көпқабатты тұрғын үй ауласындағы автотұрақта түнгі уақытта отшашу атқан, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қатты дауыстан мазасы кеткен тұрғындар полицияға хабарлаған. Тексеріс барысында құқық бұзған адам анықталды.
Ол тыныштықты бұзғаны, елді мекен аумағында пиротехникалық бұйымдарды пайдаланғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған айыппұл салынды.
Полиция тұрғын үй аулаларында пиротехникалық бұйымдарды қолдану қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.