Аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша күдікті қылмыскер ұсталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz.
6 ақпанда Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша күдікті М.К.Сүлейменов ұсталды.
30 қаңтарда Қызылорда қаласында оның тағы бір сыбайласы Р.Қ.Қаржауов анықталып, ұсталды.
"Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, К.Сүлейменов 2021-2022 жылдары адамдар тобымен азаматтарға жалған автокөлік несиесін рәсімдеген. Олардың алаяқтық әрекеттерінен 231 адамға 2,9 млрд теңге залал келтірілген", - деп жазылған ведомство хабарлмасында.
Тергеу барысында 2022 жылғы мамырда Сүлейменов тергеуден бой тасалап, оған іздеу жарияланған болатын.
Қазіргі уақытта Сүлейменов Ақтау қаласына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.