Астанада 1400-ге жуық жарнама тақтасы жаңартылды

Dalanews 04 сәу. 2024 12:40 1493

Астанада қаланың сыртқы келбетін «Жарнама туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес келтіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2024 жылдың басынан бері барлық аудандардағы ғимараттардың қасбеттерінен 1400-ге жуық жарнамалық элементтер жаңартылды деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қалалық әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетін жүзеге асыруды Астана қаласы әкімдігінің «Астана-Жарнама» КММ жүзеге асырады. Мекеме сонымен қатар қала аумағында орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнамаға мониторинг жүргізеді.

«Астана-Жарнама» КММ қызметкерлері аудандық әкімдіктермен бірлесіп, сәулет стилінің негізгі параметрлеріне сәйкес келмейтін көрнекі ақпарат (маңдайшалар мен жарнама) элементтерін түсіндіру және бөлшектеу бойынша көшпелі іс-шаралар өткізеді.

Кәсіпкерлермен түсіндірме әңгімелер жүргізіледі, маңдайшаларға қойылатын талаптарды, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін сипаттайтын буклеттер беріледі.

2024 жылдың басынан бері ғимараттар мен құрылыстардың 200-ден астам қасбеттеріне көзбен шолып тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 830-дан астам маңдайша және талаптарға сәйкес келмейтін сыртқы (көрнекі) ақпараттың 550-ге жуық элементтері бөлшектелді.

Мекеме қызметкерлері 1600-ге жуық кәсіпкерлік субъектісін қабылдады, оларға ғимараттардың (құрылыстардың) қасбеттерін сәулеттік-көркемдік безендіру мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптары түсіндірілді.

Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері белгілерінің 742 эскизі қаралды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x