Астанада 102 қызметінің операторын балағаттаған ер адам сотталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қала тұрғыны 102 арнасына қоңырау шалу барысында оператордың атына балағат сөздер айтып, ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігінде көзделген ("Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қорлау") қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушының кінәсін толық дәлелдеген.
Сот үкімімен оған 30 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.