Ғабит Мұқанов Астана қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов Астана қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ғабит Мұқанов еңбек жолын Алматы облысы Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының аппарат басшысы-басқарма бастығы, Астана қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Кадрлық дамыту департаментінің бастығы лауазымдарын атқарды.
2021 жылғы тамыздан бастап Шымкент қаласының прокуроры болып қызмет етті. Қызметтік міндетін мінсіз атқарғаны үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және II дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған.
