2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша Алматы мен Астана қылмыстық құқықбұзушылықтар ең көп тіркелген өңірлер болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алматыда 10,4 мыңнан аса, Астанада 7,4 мың қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Одан кейін тізімде Алматы облысы (4,4 мың), Шымкент қаласы (3,1 мың) және Ақтөбе облысы (2,7 мың) тұр.
Халық санына шаққандағы көрсеткіш бойынша да Астана көш бастап тұр. Елордада әр 100 мың тұрғынға шаққанда 443,9 құқықбұзушылық тіркелсе, Алматыда бұл көрсеткіш - 441,4.
Ауыр қылмыстар саны бойынша Алматы бірінші орында тұр. Ал аса ауыр қылмыстар ең көп тіркелген өңір - Алматы облысы.