Астана мен Алматыда қылмыстық топ ұсталды

Самал Асқар 03 ақп. 2026 13:57

Астана мен Алматы қалаларында ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Dala News.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктілерге адам ұрлау, бопсалау және бөтеннің мүлкін қасақана жою баптары бойынша айып тағылып отыр. Тергеу материалдарына сәйкес, Алматыдағы эпизодтардың бірінде қылмыстық топ мүшелері жергілікті тұрғынды күш қолданып алып кетіп, одан 12 млн теңге талап еткен.

Сонымен қатар, бизнес өкілдеріне қысым көрсету, автокөліктерді қасақана өрттеу арқылы қорқыту деректері де анықталған. Арнайы операция барысында 20-дан астам тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша қаражаты, суық қару және өзге де заттай айғақтар тәркіленді.

Қазіргі таңда алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық топтың басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove