Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен бұл лауазымды бүгіннен бастап Алмас Жаңбыршы атқаратын болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алмас Жаңбыршы 1979 жылы Алматыда дүниеге келген. Алматы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі.
Еңбек жолын 2003 жылы сәулетші болып бастаған.
- 2005 жылдан 2018 жылға дейін қаланың Cәулет және қала құрылысы басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
- 2018-2019 жылдары "АлматыБасжоспар"ғылыми-зерттеу институты" ЖШС директоры болды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін – Астана қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары. f
- 2021 жылдан 2022 жылға дейін – "АстанаБасжоспар" ғылыми-зерттеу институты" ЖШС директоры.
- 2022 жылдан 2023 жылға дейін – Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.
Осы тағайындауға дейін ол Астана қаласы әкімінің кеңесшісі болған.