Астана 50 мыңнан астам жүргізуші тұрақ ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Көркем Алдабергенова 17 сәу. 2026 09:30

Елордада 50 мыңнан астам жүргізуші тұрақ ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полиция мәліметінше, мұндай заңбұзушылықтар тұрғындарға нақты қолайсыздық тудырады: жол қозғалысына кедергі келтіреді, кіреберістерге, пандустарға және аула аумақтарына кіруді қиындатады. Кей жағдайларда мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балалар арбасымен жүрген ата-аналардың қозғалысын шектейді.

Құқықбұзушылықтар патрульдеу барысында да, бейнебақылау камераларының жазбаларын талдау арқылы да анықталады. Әсіресе тұрғын үйлердің аулаларына, сондай-ақ әкімшілік және қоғамдық ғимараттар маңына ерекше назар аударылады.

Бір күннің өзінде Астанада тоқтау және тұрақ ережелерін бұзғаны үшін шамамен 130 жүргізуші жауапқа тартылған. Тағы 140-қа жуық жүргізуші жол белгілері мен таңбаларын сақтамағаны үшін жазаланған. Сонымен қатар 200-ден астам көліктің тұрақ және аялдау ережелерін бұзғаны анықталып, мемлекеттік тіркеу нөмірлері шешіп алынған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove