Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төленетін жәрдемақы мен түрлі төлемдердің тәртібіне өзгеріс енгізді. Тиісті бұйрық 21 сәуірден бастап күшіне енді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, бюджет қаражатын үнемдеу есебінен әскери қызметшілерге берілетін материалдық көмек көлемі ұлғайтылған. Енді төлемдердің ең төменгі мөлшері елдегі ең төменгі жалақы деңгейіне теңестіріледі.
Жаңа қағидаға сәйкес, жақын туысы, жұбайы немесе қайын жұртынан жақын адамы қайтыс болған жағдайда берілетін әлеуметтік көмек ең төменгі жалақының бес есесіне дейін жетіп, шамамен 425 мың теңгені құрауы мүмкін.
Сондай-ақ неке қию, бала туу немесе бала асырап алу, мүлікке залал келу және ем-дом қажет болған жағдайларда әскери қызметшілерге шамамен 255 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем қарастырылған.
