Каратэші қыз 61 келі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін тартыста Иран спортшысы Атуша Голшаднежадты 1:0 есебімен тізе бүктіріп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 22 жастағы Әсел Қанай Азия ойындарында 4 жекпе-жек өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті.
Атап айтсақ, Малайзия, одан кейін Филиппин спортшысын жеңді. Жартылай финалда ғана қарсыласына есе жіберді. Дегенмен жарысты жеңіспен аяқтап, сенімді ақтай білді.