Асанәлі Әшімов референдумда дауыс берді

Сағыныш Сардарова 06 қаз. 2024 12:09 343

Қазақстанның Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, театр әрі кино актері және режиссері Асанәлі Әшімов Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақ киносының аңызы жұбайымен бірге Б.Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицейінде орналасқан №382 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Асанәлі Әшімов бұл оқиғаның еліміз үшін маңыздылығын атап өтті.

«Бұл – біздің азаматтық борышымыз, оны елеусіз қалдыруға болмайды. Мемлекет халықтың шешім қабылдауына мүмкіндік берді. Сондықтан референдумда дауыс беру маңызды. Ел өркендеуі керек, бұл біздің қолымызда!», – деді Асанәлі Әшімов.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Мегаполисте 624 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, олар 20:00-ге дейін ашық болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар