Аты-жөнін жасырған жергілікті журналист Азаттықтың өзбек қызметіне жиналыс кезінде үкімет басшысы мен халықаралық пресс-клуб жетекшілері арасында кикілжің туындағанын айтады.
– Премьер-министр Абдулла Арипов Халықаралық пресс-клуб жетекшісі Шерзода Кудратхаджаевқа қарап «Сен, жігіт, сезімнің шегін ұмыттың! Сен өзіңді кім деп санайсың?» деді. Премьер-министрдің сөзіне ашуланған Кудратхаджаев «Мені қызметіңізбен қорқытпаңыз, сіздің маған Сен деп айқайлауға құқығыңыз жоқ» деді. Екеуі сөз таластырып қалды. Премьер-министр Шерзодаға «Егер сенің артыңнан тебетін болсам, бұрынғы мұғалімдік қызметіңе қайта ораласың» деп балағаттады, – дейді жергілікті журналист.
Осыдан кейін премьер-министр Ұлттық телерадиокомпания басшысы Бабур Алихановқа сөгіс жариялап, телеарнаға кадрлық өзгерістер жасауын талап еткен.